AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда құтқарушылар екі жасар баланы 8-қабаттың терезесінен шығарып алды

Оралда құтқарушылар екі жасар баланы 8-қабаттың терезесінен шығарып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап. 

Оралда құтқарушылардың арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сағат 10:52-де Құрманғазы көшесіндегі тоғыз қабатты үйден қоңырау түсті.

"Сегізінші қабаттағы пәтерде кішкентай бала үйде жалғыз қалған. Бала терезеге шығып алған. Көршісі терезеден баланы көріп, ойын алаңына шығып, көршілердің есігін қағып көмек сұрағанымен, ешкім ашпағанын айтты. Біздің құтқарушылар да есікті қақты, бірақ бала қорқып, терезеге қарай жүгірді", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Содан кейін құтқарушылар көпқабатты үйдің шатырынан түсіп, балкон арқылы үйге кірген.

Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан балаларын жалғыз қалдырмауды және балаларды құлаудан қорғау үшін терезелерге тор орнатуды сұрайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр