Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда қыдырымпаз студент қыз өзін жоғалды деп жалған ақпарат айтқан

Орал қалалық сотында сабақ кезінде қыдырып, полицияға өзін әлдекімдердің ұрлағаны туралы жалған айтқан студент қызды бас бостандығынан айыруға үкім шықты.

qzC2-vRAGX4

Сурет: vk.com 

Бұл туралы БҚО-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

«Айыпталушы Орал қаласындағы ІІБ-ның Зачаған полиция бөліміне хабарласып, өзін белгісіз біреулердің күштеп көлігіне отырғызып әкеткенін, сосын ессіз күйінде ешкім жоқ жерге тастап кеткенін айтқан», – делінген хабарламада.

Сотта осы оқиғаға баланысты қылмыстық іс қаралды. Сот отырысы кезінде айыпталушы жалған арыз айтқанын мойындаған. Ол осылайша өзінің сабақ кезінде қыдырғанын жасырғысы келген. Айыпталушы істеген әрекетіне өкінетінін айтты.

Сот айыпталушыны «Ауыр қылмыс жасады деп айыптап, жалған ақпарат беру» бабына сәйкес кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Талқылау