Оралда көшеде шығып тұрған арматура темір 14 жастағы қыздың аяғын тесіп шықты
Оралда көшеде шошайып шығып тұрған темір арматура 14 жастағы қыздың аяғын тесіп шыққан. Аяғына қадалған темірдің ұзын болғаны соншалық тіпті жедел жеткен дәрігерлер де суырып ала алмаған.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
“Мына жерде жедел жәрдем көлігі тұрды, ал қыз орындықта отырды. Қыздың аяғынан темір шығып тұрғандықтан олар бірден көмек көрсете алмады. Қараудың өзі қорқынышты еді”, – дейді куәгер Елена Шило.
Аулаға кіреберіс жерге тас төселмеген екен. Ал ескірген плиталардың темірлері сыртқа шығып қалған. Оқиға орынына келген төтенше жағдай қызметкерлері қыздың аяғына кірген темірді екі жағынан қиып алған. Артынша дәрігерлер дене қалған қалдықты отамен алуға жіберген екен.
“Қыз абайсызда құлап аяғына темір кіргізіп алған. 7 минутта жеткен жедел жәрдем қызметкерлері темірді кесіп алу үшін төтеншеліктерді шақырған. Артынша облыстық кәсіптік ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа ауыр”, – деді жедел жәрдем директорының орынбасары Гүлнар Жұмағалиева.
Оқи отырыңыз:
Екібастұзда екі жігіт лаулап жанған үйден әйелді шатыр арқылы алып шықты (видео)
Қостанайда жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылды
Алматы-Қапшағай жолында қызметін атқарып тұрған полицей қаза болды
Алматыдағы көпқабатты үйдің өртенуіне қоқыстанған балкон себеп болған