Оралда қыз зорлады деген күдікті туыстарының көзінше көпірден секіріп кетті
Оралда өзен үстіндегі көпірден секіріп кеткен жігіт қыз зорлау ісіне қатысты күдікке ілініп отыр.
Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.
БҚО ІІД басшысының орынбасары Берік Аймурзиннің айтуынша, 24 жастағы күдікті өз-өзін өлтіргісі келгеннен кейін көпірден секіріп кеткен. Оқиға 13 сәуір күні болған еді.
“Мұндай шешімді ол 12 сәуір күні қыз зорлағаннан кейін қабылдаған”, – дейді Берік Аймурзин.
Жас жігіт бұған дейін де ҚР ҚК 191 “Ұрлық” бабы бойынша сотталған. Қазіргі таңда оның әрекетіне қатысты ҚР ҚК 120 бабы “Зорлық” бойынша іс қозғалды.
Еске салсақ, төтенше оқиға 13 сәуір күні болған еді. 24 жастағы жігіт Орал өзені үстінен туыстарының көз алдында секіріп кеткен.
Оқи отырыңыз:
8 жасар қызды педофилден құтқарған оқушы тегін оқудан бас тартты
Өскеменде 85 жастағы қария жоғалып кетті
Қызылордалық “магнит адам”:Күші маған тең келетін адам жоқ
Орал тұрғыны балаларға қарап, мастурбация жасап тұрған адамды түсіріп алды (видео)

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
