Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда Конституция күні қарсаңында «Конституциялық құндылықтар – мемлекет пен қоғам дамуының негізі» атты дөңгелек үстел өтуде

Оралда Конституция күні қарсаңында "Конституциялық құндылықтар – мемлекет пен қоғам дамуының негізі" атты  дөңгелек үстел өтті.

Кез келген мемлекет азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын анықтайтын негізгі құжат – Ата Заңы. Қазақстан Республикасы үшін де аса маңызды саналатын ел құжаты бүгінде мемлекет бірлігі мен тұтастығының ұстанымына айналған. Ал оның маңыздылығын тиісті сала мамандары тарапынан ел азаматтарына түсіндіріп отыру үздіксіз жалғасын тауып отыратын маңызды міндеттің бірі.

Бүгін  Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай  Орал қаласында дөңгелек үстел өтті. 

Шараға облыс басшылығы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, саясаттанушы – М.С.Бәшімов, өңіріміздің еңбек ардагерлері, ЖОО ректорлары, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

“Дөңгелек үстелді ашқан батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов жиналғандарды келе жатырған Конституция күнімен құттықтап, еліміздің Негізгі заңының қазақстандықтардың ұлтаралық және қоғамдық келісімін нығайтудағы зор рөлін атап өтті.  "Еліміздің негізгі Заңында қазақстандықтардың бірлігі берік негізделген”, – деді облыс әкімінің орынбасары. 

Конституция бізге таңдау еркіндігіне және өз құқықтарымызды іске асыруға кепілдік береді. Демократиялық мемлекеттің қағидаттары Конституцияның өзінің де, бүкіл қазақстандық заңнаманың да негізінде жатыр. Тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республикамыздың дамуы конституциялық нормаларға негізделген.

Шара барысында еліміздегі Конституциялық реформалар мен "Әділетті 
Қазақстанды" құрудағы тың өзгерістер туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Бәшімов, облыс прокурорының міндетін атқарушы Д.Умаргалиев, заң ғылымдарының кандидаты, конституционалист М.Габдуалиев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә.Тасмагамбетов шараның маңыздылығы туралы айтты.  

Дөңгелек үстел соңында оның бірнеше қатысушылары, құқық қорғау саласы қызметкерлері облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды.

Талқылау