Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда "Қазақстанның үздік тауары-2023" өңірлік байқауы өтті

Орал қаласында облыс әкімдігі мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысының тауар өндірушілері арасында көрме-байқау ұйымдастырылды. Көрмеге химия, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс бағыттарында жасалған тауарлар қойылған. Негізгі мақсат — жергілікті тауар өндірушілерді қолдау.

Жиынға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. 

“Бүгін біз бірінші деңгейде ұйымдастырылудағы "Қазақстанның үздік тауары" аймақтық көрме-байқауының қатысушыларына және "Бір ауыл, бір өнім" жобасы аясында қатысып отырған кәсіпкерлерге алғыс білдіремін. Облысымызда сапа байқауларын ұйымдастыру дәстүрге айналып келеді. Бұл өз кезегінде өндірушілердің әлеуетін арттыруға, олардың сапалы өнім шығарудағы жұмыстарының тиімділігін арттыру арқылы тұтынушылар сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді”, – дейд ол. 

Әкімнің айтуынша, ел экономикасының дамуында өнеркәсіпті дамыту, соның ішінде өңдеу өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.  

“2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында соңғы 3 жылда (2020-2022 ж.ж.) 8,5 млрд. теңгеге 5151 жоба қолдау тапты. Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға 2 млрд.теңге бөлініп, ағымдағы жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау тетігі шеңберінде жалпы сомасы 9,7 млрд.теңгеге 235 жоба мақұлданып, субсидия төлемдері 1,7 млрд. теңгені құрады, кредиттерді ішінара кепілдендіру аясында 8,3 млрд.теңге несие сомасына 194 шартқа қол қойылып, кепілдік төлемдері 162,8 млн. теңгені құрады. 2023 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша өнеркәсіп көлемі 1,6 трлн.теңгені құрады.Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 23,6 пайызға  артып, 138 млрд.теңгені құрады. Бұл нәтижелерге жетуіміз сіздердің атқарған еңбектеріңіз бен қосқан үлестеріңіздің көрсеткіші”, – деді ол. 

Төрт жылдан бері ағаштан түрлі бұйым жасайтын "Дәстүр" жеке кәсіпкерлігінің басшысы Нұрсұлу Бисманова да бүгінгі көрменің қатысушысы ғана емес, жеңімпаздарының бірі атанды. Ол кәсібін одан әрі дамытып, халыққа кеңінен таныстыру мақсатында ас табақ, нан тақтай, майлық ұстағыш, тойбастар, сағат сияқты табиғи өнімнен жасалған бұйымдарын көрме көрерменіне ұсынды.

Бұл көрмеден Нұрсұлу секілді 40 кәсіпкердің түрлі бағыттағы өнімін тамашалауға мүмкіндік туды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев әрбір қатысушы компанияның ұсынған өнімімен танысып, олардың жұмыс барысында туындайтын мәселелерін сұрастырып, мемлекет көмегімен бизнесті дамыту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Байқау нәтижесінде "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-байқауының келесі номинациялар бойынша жеңімпаздары анықталды:

"Халық үшін ең жақсы тауар":

"Конденсат" АҚ, "Zhulduz" ЖК "Мария ханым" сән үйі, "Дәстүр" ЖК;

"Өндірістік мақсаттағы үздік тауар":

"Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы" ЖШС, "Орал трансформатор зауыты" ЖШС, "ОК Орал кабель" ЖШС;

"Үздік азық-түлік тауары":

"Балзия" ЖШС, "Сартаев" ЖК, "Қаз-ақбас" ЖШС.

Аталған жеңімпаздар Астана қаласында өтетін "Қазақстанның үздік тауары -2023" республикалық байқау-көрмесіне жолдама алды.

Талқылау