Оралда қайынатасы өлтірген келінді күйеуі салонға кіргізіп, қызметкерлерден 4 сағатсыз жібермеуін сұраған
Оралда қайынатасынынң қолына қаза болған марқұм қызының өлімі үшін әділдік іздеген анасы «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына келіп, Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Құсайын Игембаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды Қазақпарат.
Оралда өлтірілген семейлік әйелдің туыстары баланы өздеріне ала алмауда. Туыстары келінінің өлімін қайынатасы мойнына алғанымен, оны бұрынғы күйеуі өлтіргенін айтуда.
“Мұндай жағдай боларын білсек жалғыз жібермес едік. Саят 10-ы күні Семейге келді. Барлығымыздан кешірім сұрады. Араларында бала болған соң кешірдік. 13 ақпан күні Ақкеркеге ғашықтар мерекесіне сыйлық жасағысы келетінін айтып, теміржол вокзалы маңындағы сұлулық салонына жаздыртып қойған.Салондағы қыздардан әйелін 4 сағатсыз жібермеуін сұраған. Ал өзі ұлымызды тамақтандырып, ойнатуға апарамын деп ұрлап кеткен», – дейді анасы.
«Бұл сұрақтардың барлығы біздің құзырымызда емес, ол Батыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдарының құзырына жатады. Бірақ сіздер көмек сұрап келіп отырғаннан кейін, біз сол жақпен хабарласып, бүгінгі жағдай қалай өрбуде екендігін біліп береміз. Алдағы уақытта Орал қаласының прокурорымен видео арқылы тікелей байланысқа шығаратын боламыз, – деді Құсайын Игембаев.
Тағы да оқыңыз:
Сифилис жұқтырды деп кінә тағылған 23 жастағы қазақ қызы ел алдына шықты
Оралда ыстық күнде әскери маршқа дайындалған 8 оқушы ауруханаға түсті