Оралда қалалық соттың төрағасы пара алып жатқан жерінен ұсталды
Оралда қалалық соттың төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Орал апталығы” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: facebook.com/Руслан Жұмағұлов
Сотталушыға қатысты оң шешім шығару үшін сот төрағасы 1,5 миллион теңге пара алған. Руслан Жұмағұловпен бірге тағы екі адвокат ұсталды.
Қылмыстық кодекстің 366-бабы 1-1-бөлігіне сай, "Пара алу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты мен Батыс Қазақстан бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларымен айналысып жатыр.
Руслан Жұмағұлов 2001-2011 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының прокуратурасында қызмет атқарған. 2011-2015 жылдары заңгер болып жұмыс істеді. 2015 жылы Орал қалалық сотының судьясы болса, 2019 жылы қалалық соттың төрағасы болып тағайындалды.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді