Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда есірткі сатумен айналысқан дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі қолға түсті

Орал қаласындағы мектептердің бірінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі есірткі сатумен айналысқан.

Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлады.

Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы бөлімінің бастығы Андрей Хлевиннің айтуынша, №3 бастауыш мектебінің 32 жастағы дене тәрбиесі мұғалімінен 4,04 грамм марихуана тәркіленді.

Полицияның мәліметі бойынша, күдікті 23 наурыз күні тексеру кезінде үйінде ұсталды.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігіне (Есірткі заттарды заңсыз сақтау және сату) сәйкес  қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Жіберіп алмаңыз:

Енді қазақстандық колледждерде бакалавр дәрежесі бойынша білім алуға болады

БАҚ: Қазақстандықтар Новосібір қаласын жаппай тастап қашуда

Сұлулық байқауына қатысқан алматылық жігіт: Байқауға қатысушыларға жыламай қарау мүмкін емес

Талқылау