Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда ер адам үйлену тойынан кейін бесінші қабаттан секірмек болды

19 қаңтар күні 20 жастағы ер адам таңғы 4-те үйдің төбесінен шығып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

үй

Орал қалалық полиция бөлімінің БПП взводының командирі Мұхит Әбілқайыровтың айтуынша, сағат 4.27-де «102» нөміріне қоңырау түскен. Ол бес қабатты үйдің төбесіне шығып алған ер адамның жерке секірмекші болып қорқытқаны туралы хабарлаған.  

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен. 

«Оқиға орнына келген біз бес қабатты үйдің төбесінде «Анамды шақырыңдаршы, мен оны жақсы көремін. Қоштасқым келеді» деп айғайлаған ер адамды көрдік. Мен құтқарушыларды шақырдым. Содан кейін мен және ауысымда бізбен бірге болған шұғыл әрекет көрсету тобының қызметкері төбеге көтерілдік. Мен мұндай жағдайды бірінші рет кездестіріп тұрған жоқпын. Сондықтан мен онымен сөйлесе бастадым. Әңгімелесе келе оның 18 қаңтарда үйленгенін және әйелімен ұрысып, өзін-өзі өлтіруге бел буғанын біле алдым. Әңгімемізден кейін ол мені құрметтейтінін және қолымды алғысы келетінін айтты. Сол кезде оны өзіме қарай тарттым, ал мені шұғыл әрекет көрсету тобының қызметкері ұстады», - деді Мұхит.

Осыдан кейін оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келді.

Ер адам полицейлерге әйелімен болған жанжалдан кейін ештеңе ойламағанын, сол себептен де өмірімен қоштасқысы келгенін айтты. Ол өз өмірін сақтап қалғаны үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
 

Талқылау