Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда енесін атып өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды

Кеше, 12-мамырда, Орал қалалық сотында, енесін өлтірген және қайын атасын ауыр  жарақаттаған күдіктіге қарсы алдын-алу шарасын таңдау туралы мәселе қаралды.

Оралда енесін атып өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды

Бұл туралы Мой Город-қа сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сот төрағасы Раушан Ысмаилова БҚО ІІД тергеушісінің өтінішін қарап, тергеу прокурорының қолдауымен 38 жастағы Рустам Давлетшинді екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады. Оған ҚР ҚК-нің 99-бабы «Қасақана ерекше қатыгездікпен жасалған өлім» деген айып тағылды.

Естеріңізге сала кетейік, 38 жастағы ер адам 10 мамыр күні Орал қаласы «Құрылысшы» ықшамауданында бұрынғы әйелінің ата-анасына оқ атқан. Оқ тиіп, жарақат алған 60 жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен. Ал, қайын атасы оқ жарақатын алып ауруханаға жеткізілген. Алты сағат бойы ота жасалған науқас ауыр жағдайда жатыр.

Тағы оқыңыз: 

Қайрат Нұртас алғаш рет орыс тілінде ән жаздырды (видео)

Сәкен Майғазиев: Менің заңсыз балаларым көп

Айгүл Иманбаева Баян Алагөзованың қолдауымен Прагада бейнебаян түсірді (видео)

Жас жігіт Қайрат Нұртастың концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

Талқылау