AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда электр тоғынан 6 жасар қыз көз жұмды: Анасы әділдікті талап етуде

Әлия Наубетова екі бала тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы Арман 11 жаста, ал қызы Айя 6 жаста. Алайда бірнеше апта бұрын Айя аулада ойнап жүріп, көз жұмады. Анасы оқиғаға байланысты үш айға созылған тергеу ісіне наразылығын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап. 

Анасының айтуынша, бірінші тергеуші қыздың анасын хабардар етпестен бұрын істі әріптесіне бере салған. Ал басқа полиция қызметкері үшінші ай бойы сараптама жүргізіп келеді. Бірақ нақты ештеңе айтпаған. 

Әлия Наубетованың қызы ағасының көзінше көз жұмады. Сол күні әйел балаларын ертіп алып, тәтесінің үйіне қонаққа барады. Әдетте оның қызы үйдің ауласында ғана ойнап жүрген. Бірақ сол күні ол ағасымен бірге ауладан шығып, көршілерінің үйінің жанындағы әткеншекке барып, ойнаған. 

“Ұлым алғашында оның мерт болғанын білмеді. Көрші үйдің жанындағы көшеде бірге ойнап жүрген. Айя құлағаннан кейін оны қолына алып, үйге апарып төсекке жатқызғанын айтты. Содан кейін үлкендерге қарындасының құлап, ұйықтап жатқанын жеткізген. Ол оны соңғы рет тірі көргенін де түсінбеді", — дейді қыздың анасы.

Әйел көрші үйге баратын газ құбыры көптеген жылдар бойы болғанын және ешқашан ешкімді электр тоғымен ұрмағанын айтады.

"Үйдің бұрынғы иелерінің балалары жиі ойнап жүретін. Тіпті балаларға арналған әткеншектер ілді", – дейді әйел.

Орал полиция департаментінде қайтыс болу фактісі бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабының үшінші бөлігі "абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыстар орындау не қызметтер көрсету" бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәлі адамға сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. 

Полиция сот-медициналық сараптама жүргізілгенін, ол қыздың электр тоғының әсерінен қайтыс болғанын анықтағандарын хабарлады. Тергеушілер тағы бірнеше техникалық сараптамалардың нәтижелерін күтуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр