Оралда екі ер адам ресейлік азаматты тонап кеткені үшін жеті жылға сотталуы мүмкін
Оралда екі ер адам 26 жастағы ресейлік азаматтың ірі сомадағы рубль мен теңгесін тонап кеткен. Қалаға келген шетелдік азаматқа шабуыл жасаған екі күдіктіні полиция қызметкерлері қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, өткен аптаның сәрсенбісінде Орал қаласының 28 және 30 жастағы тұрғындары қалаға келген ресейлікке шабуыл жасаған. Олар оны қорқытып, 26 жастағы жігіттен ақша (170 мың теңге және 17 мың рубль) алып, банк шотынан 15 мың рубль [шамамен 115 мың теңге] ақшасын аудартып алған.
- Астанада екі ресейлікті ұрған күдіктілер ұсталды
- "Қорыққаннан кетіп қалды": Путин мобилизациядан Қазақстанға қашып келген ресейліктер туралы пікір білдірді
Жәбірленуші полицияға шағым түсіріп, тәртіп сақшылары шабуыл жасағандарды тапты. Ұсталған екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалған. Олар "жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіп төндірмейтін зорлық-зомбылық қолданып немесе осындай зорлық-зомбылық жасаймын деп қорқыту арқылы жасалған тонау" үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты