Оралда екі адамды өртеп жіберген жігіт қылмысқа не үшін барғанын айтты
Қызғаныштан қырып салған! Оралда екі келіншек пен үш жастағы бүлдіршінді пышақтап өлтіріп, артынан денелерін өртеп жіберген атышулы іске қатысты сот процесі басталды. Айыпталушы орындығында – 24 жастағы азамат, де хабарлайды КТК.
Әділет Қамалиев әу бастан-ақ осы сұмдық қылмысты жасағанын мойындаған. Тергеу кезінде белгілі болғаны, үйленген, екі баласы бар ол 23 жастағы Баянсұлу есімді келіншекпен көңіл қосып жүріпті. Бірақ артынан марқұм одан теріс айналған. Бұған ашуланған жігіт сүйіктісі мен оның үш жастағы баласын және 23 жастағы құрбысын пышақтап өлтірген. Сөйтіп, қылмысын жасыру үшін көңілдесі жалдап тұрып жатқан үйді өртеп жіберіпті. Батыс Қазақстан облысын дүр сілкінткен қанды оқиға қыркүйектің бесінде болған еді. Өртке оранған баспанадан екі келіншек пен үш жастағы баланың өлі денесі табылды. Ертеңіне олардың өрттен емес, кісі қолынан қаза тапқаны анықталды. Ал сотталушы бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған болып шықты. Енді бұл жолы ол өмір бойына түрмеге жабылуы мүмкін.
“Бұған жаза ретінде келесі басты сот талқылауында көзделген санкция бойынша, яғни 20 жыл немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Енді оны алдағы уақытта қарастыра жатамыз”, – дейді мемлекеттік айыптаушы Жанболат Айманов.
Тағы да оқыңыз:
Досының үйлену тойында көз жұмды: Алматы облысында болған адамшошырлық оқиғаның мән-жайы
Бейсен Құранбек Талдықорғандағы ұзын көшені “Жансүгіров” деп атауға қарсы шықты