Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда 9-қабаттан құлап кеткен жасөспірім комадан шықты

Оралда балконнан құлап кеткен жасөспірім комадан шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой Город” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Қайғылы оқиға 9 желтоқсанда алтыншы шағын аудандағы көпқабатты үйде болған. 11 жасар бала терезеден құлап кеткен. Ол бір аптаға жуық комада жасанды тыныс алу аппаратына қосылып жатқан.

Полиция департаменті баланың тоғызыншы қабаттың терезесінен секіріп, тоқтап тұрған көліктің үстіне құлағанын айтты. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады.

Белгілі болғандай, жасөспірім комадан шыққан. Ол облыстық көп бейінді балалар ауруханасының травматология бөліміне ауыстырылды. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Баланың есі дұрыс, қажетті ем қабылдануда.

Талқылау