Оралда балкон арқылы қашқан жалаңаш азаматтың видеосы желі қолданушыларын күлдірді
Оралда екінші қабаттағы балконнан түсіп келе жатқан жалаңаш азаматтың видеосы желі қолданушыларын күлдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада ер адамның үстінде тек ішкиім киілгені байқалады. Балконнан түскен ол жерден заттарын жинап, әрмен қарай жалаңаш күйде кете береді. Видео авторы әйелдің көңілдесі күйеуі келіп қалған соң қашып бара жатыр ғой деген сынды пікір айтыпты.
Әлеуметтік желі пайдаланушылары видеоға қалжыңмен қарады. Полицейлер болса бейнежазбадағы азаматты іздестірмейтіндерін жеткізіпті. Бұған қоса тәртіп сақшылары видеода айтылған көпқабатты үй карантинге жабылған деген ақпаратты жоққа шығарды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”