Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда азық-түлік бағасының төмендеуіне Ресей рублінің құнсыздануы себеп болып отыр

Оралда азық-түлік тауарларының бағасы төмендеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Уральская неделя басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Бұл маусымдық құбылысқа байланысты емес, көкөністер мен жемістер жазда құнын күрт жоғалтады. Басты фактор – Ресей рублінің құнсыздануы және теңгенің көтерілуі. Осыған байланысты бүкіл бөлшек сауда желісі бағасы тиімді ресейлік өнімдерді сатып алуда. Қазіргі таңда Орал дүкендеріндегі азық-түлік өнімдерінің 80%-ы ресейлік. Сол себепті қазақстандық өндірушілердің азық-түлік үлесі азайып барады", - дейді Оралдағы ірі көтерме-бөлшек сауда желісінің өкілі.

Оның айтуынша, соңғы екі айда олардың кәсіпорны "Арал тұз" серіктестігінен тұз сатып алуды тоқтатқан. Тұз Ресейден келеді, себебі ол жақта арзан. Бірақ бұл жеңілдік кәсіпкерлердің көңілінен шықпайды.

"Біздің өз елімізде шығарылатын күріш соңғы кездері қорының азаюына, егіннің түспей қалуына байланысты қымбаттап кетті. Сонымен, көтерме саудагерлер не істейді? Олар біздің күрішті алудан бас тартып, Ресейден белсенді түрде сатып алуда, өйткені қазір ол жақта арзанырақ. Бұл қантқа да қатысты. Қазақстандық өндірушілер оны 370-390 теңгеден сатады, арзанға түсе алмайды, себебі бұл оны өндіруге кеткен шығын. Сондықтан қазір барлық жерде Ресейден қант импорттайды, ал қазір ол нарықта 340 теңгеден сатылуда. Оның үстіне сатушылар оны "сұр" схемалар бойынша – құжатсыз, салықсыз импорттайды. 

Біздің билік неге отандық тауар өндірушілерді қорғаумен шұғыл түрде айналыспайды? Үкіметтің отандық өндірісті қолдауға бағытталған  миллиардтарға қарамастан, сауда желілеріндегі қазақстандық өнімнің үлесі өскен жоқ. Ол екі жыл бұрын 20 пайыз болса, әлі де сол деңгейінде. Азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан бізге әлі де қауіп төніп тұр", - дейді кәсіпкер.
 

Талқылау