Оралда әйелін кепілге алып, жарақаттаған ер адамның ісі сотқа жіберілді
Оралда әйелін кепілдікте ұстаған ер адамның ісі сотқа берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2019 жылы қараша айында 1978 жылғы Ерлан Исламғалиев әйелін алты сағат қамауда ұстап, оны пышақпен және жарылғыш затпен қорқытқан. Полициямен бірнеше сағат сөйлескеннен кейін ғана әйелін босатуға келіскен.
БҚО полиция департаменті бастығы Мақсұтхан Аблазимовтың айтуынша, тараптар берген барлық айыптаулар мен дәлелдемелер, отбасы тарихы мұқият зерттелді.
Жәбірленуші Ираида күйеуін басқа да қылмыстар жасағанын мәлімдеді.
Тергеу барысында Ерлан Исламғалиевке Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды.
"Облыс прокуратурасы зерделегеннен кейін айыптау актісі бес бап (азаптау, бопсалау, кепілдікке алу немесе кепіл түрінде ұстау, өлтіремін деп қорқыту және зорлау) бойынша бекітіліп, іс БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарауға жолданды", - деді Мақсұтхан Аблазимов.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
