Оралда автобустар жарысынан зардап шеккен жолаушыларға бір тиын да төленбеуі мүмкін
Өйткені, автопарктер автобустың өздерінікі еместігін айтып, ақталды. Айтуларынша, олар бар болғаны қоғамдық көлікті жалға алған,-деп жазды КТК арнасы.
Сондықтан, 24 жастағы автобус жүргізушісінің кінәсі дәлелденсе, бар шығынды сол көтеруі тиіс.
Жарыс құмар жүргізуші бұдан өзге 700 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі немесе 75 тәулікке қамалуы да мүмкін. Қазір оған қатысты “жолда жүру ережесін бұзу” бабы бойынша іс қозғалды.
Еске салайық, күні кеше Оралда екі жолаушылар автобусы мен екі жеңіл көлік соқтығысып, 60-қа жуық адам зардап шеккен. Кеше осынша адамға көмек көрсеткен дәрігерлердің айтуынша, қазір ауруханада 6 адам ғана қалыпты. Олар да тәуір болып келеді.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандықтардың банктегі есепшоты мен карталарына жаңа вирус тарап жатыр
Алматыда 2 жасар бүлдіршін екі күннен бері іздестіріліп жатыр
Қазақ азаматы АҚШ-тың әйгілі ғарыш агенттігі NASA-да жұмыс істейді
Алматы тұрғыны үйінде арзан виски мен коньякты араластырып құны қымбат ішімдік әзірлеп сатқан