Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда 15 жастағы жасөспірім автобуста бойжеткеннің бөксесін ұстап азғындық жасаған

Фото: freepik.com

Оралда 15 жастағы жасөспірім бала автобуста 18 жастағы қыздың бөксесін ұстағаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 9 маусым күні №22 автобуста болған. Сол күні 18 жастағы Алина жағымсыз жағдайға тап болды. Автобустан түсіп жатқан кезде бейтаныс біреу оны бөксесінен ұстап алған. Қыз жігітті тоқтатуға тырысқанымен, ол жұлқынып шығып, қашып кеткен. Алина кейін полицияға арыз жазған.

Құқық қорғау органдары бұзақының жеке басын анықтады. Ол 15 жастағы жасөспірім болып шықты. Оны ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізді.

“Полицияда ол анасымен бірге болды. Басында автобустың кенет тоқтағанын, мені байқаусызда түртіп кеткенін айтты. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Ол кезде автобус тоқтап тұрған еді. Сосын "адам көп болды" деді. Бірақ бұл да өтірік, автобус бос болатын. Кейін мені жейдесінен ұстағанымды айтып, қорқып кеткенін себеп қылып, маған шағымдана бастады. Ақырында өзі де, анасы да кешірім сұрады. Мен оны кешірдім, бірақ арызымды қайтарып алмаймын. Маған оның табылып, жауапқа тартылғаны, өзі мен ата-анасының ұялғаны жеткілікті, – деді Алина.



БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жасөспірімнің ата-анасына ӘҚБтК-тің 435-бабы "Кәмелетке толмағандардың бұзақылығы" бойынша хаттама толтырылып, 7 АЕК (27 524 теңге) көлемінде айыппұл салынған. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 11 Маусым, 2025 15:00
Талқылау