AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол жер қауіпті": Оралда ашулы ата-аналар балаларын мектепке жіберуге қарсы шықты

Орал тұрғындары балаларын мектепке жібермей отыр. Олар білім ордасының санаториялық білім беру орнына ауысуына наразы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Ата-аналар балаларын бұрынғы мектепке қайтаруды талап етуде. Өйткені бұл ғимаратта бұған дейін туберкулезбен ауырған науқастардың балалары білім алған. Жауаптылар биыл оларды үйлеріне қайтарып, 20-шы мектептің мыңға жуық оқушысын қабылдады. Ата-аналар, білім басқармасының шешімін құптамайды. 

"Менің білуімше, Кох таяқшасы жер бетінде 40 жыл тіршілік етеді. Бұрын осында оқыған балалар жыл сайын ем қабылдады. Ғимараттың еденіне ағаш төселген, линолеумі де ескі. Ойын баласы жүгірмей тұрмайды. Сол кезде шаң көтеріліп, ауру жұқтыра ма деп қорқамыз", – дейді ата-аналардың бірі Лариса Низовцева. 

Ата-аналардың балаларын мектепке жібермеуіне осындай күдік себеп болып отыр. Қазір олар  ғимаратқа зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, күрделі жөндеу жұмыстарын талап етіп, жауапты орындардың табалдырығын тоздырып жүр.

Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова ол мектепте туберкулезбен ауырған балалар болмағанын айтады. Және мектепте туберкулезбен ауырған балалар білім алып, инфекция еденде қалатын болса, облыстық санэпидемиологиялық, облыстық тубдиспансер мұнда мектепті көшіруге рұқсат бермес еді.

"Олар өздері жауапкершілікті алып, бізге рұқсатын беріп отыр. Білім беру бөлімінің дерегінше, баласын мектепке жібермей отырған ата-ана саны саусақпен санарлық қана. Олармен енді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп көрмекші. Оқу жылы басталып кетсе де, мәселенің қалай шешілері әзірге беймәлім", – дейді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр