Оралда анасы балағат сөздер айтып, өзін қорлағаны үшін қызын сотқа берді
Оралда анасы өзіне қорлайтын, балағат сөздер айтқаны үшін қызын сотқа берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото freepik
Оқиға барысында екеуі де үйде болған. Қызы, өз анасына құрметсіздік танытып, оған қарсы қорлайтын балағат сөздер айтқан. Ал анасы қызының үстінен арыз жазған.
Кейін сотталушы өз кінәсін мойындап, соттан анасымен татуласуына байланысты істі тоқтатуды сұрады.
“Жәбірленуші хаттамада айтылғандарды растады. Оны полицейлер арыздағ негізден қарады. Әйел қызын кешіріп, одан енді мұндай оқиғалардың қайталанбайтынына уәде алған”, – делінген хабарламада.
Олар татуласқандықтан сот тараптар арасындағы бейбіт келісімді мақұлдады. Іс жабылып, анасын қорлаған қызы жауапкершіліктен босатылды. Қаулы заңды күшіне енді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ