Оралда 8 жасар бала Аяз Атадан өзіне әкімнің кабинетін көрсетуді сұрады
Оралда Шыңғыс есімді мектеп оқушысы Аяз Атадан өзіне облыс әкімінің кабинетін көрсетуді сұраған.
Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.
Оралдағы мектептердің бірінді оқитын 8 жасар Шыңғыс Аяз Атадан өзіне облыс әкімі Алтай Көлгіновтың кабинетін көрсетуді сұрапты. Өтініш жазылған хат облыс әкімдігіне жіберілген.
Ерекше хатты алғаннан кейін әкімдік оны президенттік шыршаға шақырып, сыйлық табыс еткен. Алайда Шыңғысқа әкім отыратын кабинеттің көрсетілгені туралы ақпарат айтылмаған.
Жалпы, биылғы жылы Аяз Атаға 1500 хат жіберілген. Барлық хатты пошта қызметкерлері оқып шығып, балалардың өтініштеріне орай арнайы комиссия құрылған.
“Былтырғы жылы небәрі 150 ғана хат болған. Биыл оның саны бірнеше еселеніп отыр. Бұл бірінші кезекте біздің облыстың қызына президенттің сыйлық жіберуі әсерінен болған шығар. Сол себепті осы жылы балалар жаңа жылдық ғажайыпқа сене бастаған”, – едйді БҚО “Қазпошта” АҚ директорының орынбасары Гүлбаршын Қажымова.
Қазіргі таңда “Қазпошта” АҚ ұжымы 600 хат иесіне ашық хат түріндегі жауап құттықтау мен түрлі сыйлықтар жіберіп қойған. Гүлбаршын Қажымованың айтуынша, олар сыйлықтарды жеке қор есебінен сатып алады. Сондай-ақ, демеушілер де іздестіріп жатыр екен.
“Бірер күн бұрын бір демеуші церебралды сал ауруына шалдыққан балаға плазмалық теледидар сатып алып берсе, бір демеуші мүгедек бала үшін қымбат тұратын жаттығу құралын сыйлады. Өкінішке қаарй, бізде барлық балаға бірдей сыйлық сыйлайтын мүмкіндік жоқ. Біз мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған балаларға сыйлық бергіміз келеді. Әрине, хат жазған басқа балаларға да қалдырмай тым құрығанда тәтті сыйлықтар жіберудеміз. Бұл үшін бізге демеуші керек”, – дейді ол.
“Қазпошта” АҚ балаларға Аяз Атаның атынан сыйлық сыйлауды 2014 жылдан бері жүргізіп келеді. Бұл жобаға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қолдау танытқан. Мемлекет басшысының өзі кеше үш балаға сыйлықтар жіберіп қуантты.
Оқи отырыңыз:
9 әйел алып, 53 бала сүйген ақсақал жатарда қазы жеп, қымыз ішкен
Ғалымдар секстің не үшін керегін түсіндірді
Жасыңызға байланысты құрсақ көтеру мүмкіндігіңізді тексеріп көріңіз