Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда 4 баласын жалғыз тәрбиелеп отырған әкеге баспанамен көмектесті

Орал әкімдігі 4 баласымен жалғыз қалған ер адамға уақытша баспана берді. Көпбалалы әке жаңа баспанаға көшіп кіріпті. Ол көрсетілген көмекке қуанышты.

Оралда 4 баласын жалғыз тәрбиелеп отырған әкеге баспанамен көмектесті

Белгілі болғандай, қала билігі отбасыға жекеменшік үйді уақытша қолдануға берген. Ал балалардың әкесінің өзі бұл жағдайға қуанышты, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz.

«Сол үйге көшіп кірдік. Ендігі маған жеңілдеу болады. Себебі пәтерақы төлемеймін. Тек коммуналдық қызметтердің ақысын ғана төлеймін. Сонымен қатар бізді қолдап, қаржылай көмек көрсеткен жандарға алғыс білдіремін!» – дейді Еслям Айтмабетов.

Еслям балаларын үйіне жақын жердегі мектепке ауыстырған. Ендігі ол кішкентай қызын сол аудандағы балабақшаға ауыстырмақ ниетте.

Еслям Айтмабетов 14, 15, 8 және 4 жасар балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Балаларының анасы үйден кетіп қалып, 3 жылдан бері қарасын көрсетпепті. Ер адам жұмыс істейді. Алайда 30 мың теңгені құрайтын табысы отбасын асырауға жетпейді. Ол баспанамен көмектесуді сұраған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр