Оралда 16 жастағы жасөспірім жоғалып кетті
Оралда жоғалып кеткен 2006 жылғы жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Нұрислам Сағындықов 26 сәуір күні таңмен сағат 07.30 шамасында Зачаган кентінен КазИИТУ колледжіне сабаққа кеткеннен оралмаған.
Нұрисламның бойы 170-175 см, орта денелі, ерекше белгілері жоқ, есепте тұрмайды. Бұрын үйінен кетпеген.
Басында сары кепка, үстіне сары толстовка, сұр джинси, аяғына сұр кроссовка киген. Ұялы телефон нөмірі 87761840877.
"Қазіргі кезде жасөспірімді іздеуге департаменттің жеке құрамы жұмылдырылды. Оны көрген, хабары бар адамдар болса, 8(7112) 92-15-01 телефонына қоңырау шалғаны жөн”, – деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 57 жастағы ер адамның үш күннен бері іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз. Бұл адам кейін табылды.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді