Оралда 14 жастағы оқушы қыз бес күннен бері іздестіріліп жатыр
Оралда 14 жастағы оқушы қыз бес күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

10 ақпан күні сағат 20:00 шамасында Зарина Нығметова Тополинская көшесі, 1 мекенжайындағы үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, әлі оралмаған.
"Қыз №34 орта мектепте оқиды. Бойы 162-165 сантиметр. Арық денелі, шашы беліне дейін келеді, қара түсті. Үстінде ақ күртеше, көк шалбар, қара етік болған", – деп жазады. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның қолында Samsung телефоны, қара күрте мен джинсы шалбары, сөмкесі болған.
Полиция Зарина Нығметованы көргендер немесе оның қайда екенін білетіндер болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген