Оралда 10 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: Видеодан скрин
Оралда полиция 10 жастағы қызға шабуыл жасады деген күдікпен ер адамды ұстап, қамауға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алдын ала ақпаратқа сенсек, күдікті оқушы қызды орманды алқапқа сүйреп кіргізіп, қылқындырып кейін зорлаған. Оқиға мектептен жүз метр қашықтықта болған. Кеше полиция сол маңнан айғақ заттарды іздеуге кірісті. Бұл жағдай қала тұрғындарын дүрліктіріп қойды. Енді жұрт балаларын қараусыз жіберуге қорқып отыр.
Болған жағдайға қатысты полиция депратаментінің басшысы пікір білдірді. Десе де ведомство нақты қай бап бойынша іс қозғалғанын әзірге жария етпеді.
“Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағанға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Балаларға қарсы жасалған қылмыстар ерекше бақылауда болады және барынша қатаң түрде тоқтатылады деп баса айтқым келеді”, – деді Батыс Қазақстан полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев.

"443 мың теңге айыппұл”: Қазақстандықтар екі-үш жерде жұмыс істесе қандай жауапкершілікке тартылады
