Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен ешкімді өлтірген жоқпын": Орал тұрғынын ұрып өлтірді деп айыпталған судьяның ұлы мен оның досына үкім шықты

Бүгін, 24 сәуірде Орал қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 20 жастағы Ерназ Сәтпаев пен 18 жастағы Ержан Қадырбаевқа қатысты үкім шығарды. Сот оларды адам ұрлау және бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Мой город

Судья Асланбек Дүйсенғалиев Сәтпаевқа 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қадырбаев 7 жыл алты айын колонияда өткізеді. Соңғысы – Орал судьясының ұлы. Оның қылмыс кезінде кәмелетке толмағаны жазасын жеңілдетті. Сотталғандардың екеуі де жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық түзеу мекемесінде өтейді. 

"Сотталғандардың кінәсі сот процесінде толық дәлелденді", – деп атап өтті Асланбек Дүйсенғалиев.

Ерназ Сәтпаевтың өзі қандай қылмысы үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылатынын түсінбейтінін мәлімдеді. Айтуынша, Нариман Рагуфты ол ұрламаған және оның өліміне қатысы жоқ. Үкім жарияланғаннан кейін ол прокурорға барлығы бумеранг сияқты өзіне оралуын тіледі. 

"Менің бір ғана сұрағым бар: не үшін? Менің кінәмді дәлелдейтін кем дегенде бір дәлел көрсетіңіз. Ештеңеге кінәлі болмасам да, қамауда отырғаныма бір жылдай болды. Мен ешкімді өлтірген жоқпын, ешкімді ұрлаған жоқпын. Прокурор, сіздің әрекеттеріңіз адам төзгісіз. Қаншама жазықсыз жігіттер түрмеде отыр, солардың бәрін сіз жіберіп жатырсыз. Сіздің де дәл осындай жағдайды бастан өткеруіңізді тілеймін", – деді сотталған Сәтпаев.

Сотталушының туыстары да үкіммен келіспейтіндіктерін, апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты.

Еске сала кетейік, қылмыс өткен жылдың 13 наурызында жасалды. Соттың айтуынша, айыпталушылар екі жігітті Самал-3 ауданына алып кеткен. Ерназ Сәтпаев көліктің ішінде жігіттерді ұра бастаған, ал рульде отырған Қадырбаев оны тоқтатуға әрекет жасамаған. Кейін полицейлер Нариман Рагуфтың денесін тапты, көлікте болған екінші жігіт – Дархан Майемиров жәбірленуші деп танылды. Сараптама Рагуфтың гипотермиядан қайтыс болғанын көрсетті, бірақ оның туыстары бұған сенбейді.

Жәбірленуші Дархан Маемеров сот барысында Ержан Қадырбаевқа қарсы шағымданудан бас тартты. Кейін қайтыс болған Нариман Рагуфтың анасы Назгүл Махмудова өзінің соңғы сөзінде Қадырбаевты кешіретінін мәлімдеді. Ол сот үкіміне ештеңе айтпады. Айта кетейік, әйел оған ештеңе керек емес екенін айтып, моральдық және материалдық өтемақы өтеу туралы талап арыз бермеген. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және оған шағымдануға болады.

Талқылау