Қазақстандық өтіп бара жатқан адамдардан телефон сұрап, атына несие рәсімдеген
Фото: Stan.kz/ChatGPT арқылы жасалды
Орал тұрғыны өтіп бара жатқан адамнан телефонын сұрап, шағын несие алуға өтініш білдірген. Абай бөлімшесінің полицейлері бөтеннің атына шағын несие алған күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеушілердің айтуынша, күдікті түрлі сылтаулармен, көбіне шұғыл қоңырау шалу керегін алға тартып, таныстары мен кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардан ұялы телефондарын сұраған. Смартфонға қол жеткізген ол микрокредиттік ұйымдардың қосымшаларын жүктеп, телефон иелерінің атынан онлайн несиеге өтінім берген. Сосын ақшаны өз шотына аударған.
Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары осыған ұқсас алты оқиғаны анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 300 мың теңгеден асады.
Полиция ұялы телефонды бейтаныс адамдарға бермеуді, смартфонға қосымша қауіпсіздік шараларын орнатуды сұрады. Мәселен, PIN-кодтар, биометрия, SMS немесе банк мобильді қосымшасы арқылы растаусыз несие алуға тыйым салуды ұсынды.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте алаяқтар үйсіз жүргендердің атына 22 миллион 800 мың теңге несие рәсімдегені туралы жазған едік.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
