Орал тұрғыны ағаштың бойымен бірдей қарасора өсірген
Орал тұрғыны ағаштың бойымен бірдей қарасора өсірген, табылған өсімдіктер сараптамаға жолданды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
фото: Polisia.kz
Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Коминтерн ауданында 1990 жылы туған тұрғынның үйінің ауласынан 60 түп қара-жасыл түсті, қарасораға ұқсас өсімдіктер тауып, тәркілеген.
Үй ауласына жасырын өсірген оралдық тұрғынның ісін полиция қызметкерлері "Қарасора" жедел профилактикалық іс-шара жүргізу барысында анықтады.
Табылған өсімдіктер сараптамаға жолданды.
Айта кету керек, кейбір бұталар ағаштың бойымен бірдей болып өскен.
ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн