Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ержан Серіков көрші қыздарды құтқарып, өзі суға батып кеткен еді

Оралда 33 жастағы ер адам өз өмірін қиып, суға батып баражатқан екі қызды құтқарып қалған еді,-деп жазды “Ақ Жайық” басылымы.

жайық

Ержан Серіков көрші қыздарды құтқарып, өзі суға батып кеткен еді. Оның денесі оқиға болағннан кейін бір сағат өткенде табылды.

1 тамыз күні  10-сынып оқушысы Назерке мен 8-сынып оқушысы  Алтынай  аналарынан сұранып, шомылуға барған. Қыздардың анасы да өзенге барған. Жағада балаларының шомылған сәтін тамашалап тұрыпты. Назерке судың терек жеріне құлап кетіп, Алтынай оған көмекке барған. Бірін-бірі суға тартқан қыздар  өзен бетіне бір шығып- бір батқан.

жайық1

«Мен Алтынайдың «анашым» деп айқай салғанын естідім. Құтқаруға жүгірмекші болған кезімде қорқыныштан аяқ-қолым қозғалмай қалды. Қолымнан келгені жағада балық ұстап жүргендерді көмекке шақыру болды. Ержан меннен әріректе отырған болатын.

Суға қарай жүгіріп кетті. Ол кезде Назерке судың астына түсіп кеткен еді. Мен Ержанның қыздарды судың бетіне қарай лақтырып, өзінің көрінбей қалғанын өз көзіммен көрдім»,-дейді қыздардың анасы.

Ержанның ағасы Сабыржан мен оның досы қыздарды қайыққа салып алған. Сол кезде олар жағада тұрған Бақытгүлдің «Ержан көрінбей қалды» деп айқайлаған дауысын естіген. Жігіттер ұзақ іздеп, соңында Ержанның мәйітін тапқан.

«Мен Ержан ағаны қысып ұстап алдым. Назерке менің қолымнан ұстап алды. Бір кезде аға бізді қолымен қатты итеріп жіберді. Мен бұрылып оған қараған кезімде, көзімен «кетіңдер» дегендей ишара білдірді»,-дейді көзіне жас алған Алтынай.

Сол күннен бастап қыздар мен олардың анасы Ержанның есімін естісе жылап салатын күйге түскен. Бәрінен бұрын болған жағдай Бақытгүл ананың көз алдынан кетер емес.

«Ержан бізге туысымыздан жақын болатын. Мен оның анасының жағдайын түсініп отырмын. Өте өкінішті. Сіздердің басылымдарыңыз арқылы Ержанның туыстарынан кешірім сұраймын.

Тоғыз жыл бұрын өз күйеуімнен айырылған едім. Бұл қайғы маған таныс жағдай. Ол ерлікпен қаза тапты. Мен оның алдында қарыздармын»,-дейді  Бақытгүл ана.

Қыздардың анасы мен көршісі Ержан бір мекемеде жұмыс істеген. Интернат-мектепте   Бақтыгүл тәрбиеші болып қызмет етсе, Ержан күзетші болыпты.

«Не бәрі 33 жаста. Өз жұмысына өте ұқыпты еді. Мектепте бір затты көтеру керек болып қалса, алу керек болса Ержан жүгіріп келетін. Біз оның ертерек үйленуін тілеп жүрген едік»,-дейді  марқұмның әріптесі Гүлфайруз Төлемұратова.

Оқи отырыңыз:

Димаш Шанхайда Дәулеткерейдің күйін орындап, домбырасын жанкүйеріне сыйлады (видео)

Дәулетбекқызы: Кертаев жобамды ұрлап, алдап кетті

Тәуекел: Әйелімді де, балаларымды да жасырмаймын

 

Талқылау