Оралда жаңа туған нәрестесін зират басына тастап кеткен ана бір ай бойы іздеуде жүр
Зират басына тастап кеткен сәбидің қайтыс болу себептері анықталмады. БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі баланың өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.
Бұл туралы БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Жаңа туған баланың денесі табылғаннан кейін Орал ІІБ-ның тергеу бөлімшесі ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы «Жаңа туған нәрестені анасы өлтірген» бойынша алдын-ала тергеуді бастады»,- делінген БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз хабарламасында.
Баспасөз қызметі 2017 жылы және 2018 жылдың басынан осы бап бойынша алдын ала тергеу жүргізілген жоқ деп түсіндірді.
Естеріңізге сала кетейік, 5 наурыз күні сағат 19.00-де Деркул ауылындағы зиратта жаңа туылған баланың денесі табылған. Тастанды шақалақтың денесін мектеп оқушылары кездейсоқ тауып алған.
Оқи отырыңыз:
Көкшетауда әйел гараждан күйеуі мен белгісіз қыздың өлі денесін тауып алды
Қазақстанда Telegram желісі бұғатталуы мүмкін
Талдықорғанда өзінің басшысын атып өлтірген әскери қызметкер ұсталды
Есірткі саудасымен айналысқан студенттердің ата-анасы істі қайта қарауды талап етті