Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал қаласының құрылыс бөлімінің басшысы ұсталды

Орал қаласының құрылыс бөлімінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті мәлімдеді.

Құрылыс басқармасының бастығы ЖШС-ның бірінің директорынан 2020 жылдың қазанында 134 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің айтуы бойынша, аса ірі көлемдегі пара "пандемия кезінде арнайы тапсырысты қолдану арқылы конкурс арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға көмектескені үшін және құрылыстың аяқталу актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін" берілген. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Орал қаласындағы екі тоғыз қабатты тұрғын үй салынған. Бағдарлама бойынша салынған баспаналарға 2, 2 млрд қаржы кеткен.

"Орал қаласының құрылыс бөлімі "мемлекеттік мекемесінің бастығы мен оның сыбайласы Н. Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, изоляторға қамалды", – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 13 Қазан, 2021 18:45
Талқылау