БҚО спорт басқармасының басшысы неге қайтадан қамауға алынды: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік түсіндірді
Облыстық спорт басқармасының басшысы Мүслім Оңдағановты қайтадан қамауға алу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шенеуніктің не себепті қайтадан қамауға алынғаны белгілі болды. Бектеновтың сөзінше, келтірілген залал толығымен өтелмеген.
"Батыс Қазақстан облысындағы Оңдағанов мырзаға байланысты менде бар ақпарат бойынша, қылмыспен келтірілген залал толығымен өтелмеген. Сондықтан, сот шешімі толығымен жойылып, ол қайтадан қылмыстық атқару мекемесіне жатқызылды", - дейді Олжас Бектенов.
Еске салсақ, осыған дейін облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүслім Оңдағанов ең жоғарғы қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп, бостандыққа шыққаны туралы жазған болатынбыз.
Сотталушы Мүсілім Оңдағанов түрмеден үндеу жазып әріптестерінен пара алмауды өтінді.
Талқылау

Шерзат ісі бойынша үкім, Израиль-Иран қақтығысы, Үндістандағы ұшақ апаты: Маусым айы несімен есте қалды
Сонымен қатар министрліктердің басшылары ауысқан

Аулада қоқыс өртегендерге және кәуап пісіргендерге қандай айыппұл қарастырылған?
Заңға сай, көпқабатты тұрғын үйдің ауласында от жағуға рұқсат етілмейді