Орал балабақшасында бала сорпаға күйіп, реанимацияға түсті
Оралда 10 қазан күні "Балбөбек" балабақшасында баланы күйік шалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Зардап шеккен баланың анасы мұны mamochki_uralska_vmeste_ Instagram-парақшасында мәлімдеді.
Баланың анасының айтуынша, түскі ас кезінде оған мектепке дейінгі мекемеде қоңырау шалып, шұғыл келуді өтінген. Келгенде әйел қызының денесінен қызыл көпіршіктерді көрді. Оның беті, қолы және екі аяғы күйген.
“Жедел жәрдем келіп, алғашқы қажетті көмек көрсетті. Қазір бала реанимацияда жатыр, жағдайы ауыр. Мен балабақша басшылығы мен аспазшылардың қайнаған сорпа бергені үшін жазаланғанын қалаймын. Бір бала оны итеріп жіберген. Бала күтуші сонда қайда болды? Тәрбиеші ше? Аспаздар қайда қарады? – деді әйел.
Балабақша әдіскері баланың орта топқа барып жүргеніне бір ай қалғанын хабарлады. Оны басқа тәрбиеленуші байқаусызда итеріп жіберген.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем станциясына шақырту сағат 12:33-те түскен. Тәрбиешілер бала абайсызда өзіне сорпа төгіп алғанын хабарлады. Үш жасар бала оң жақ және сол жақ жамбасы, бас, кеуде, жоғарғы және төменгі аяқтарда термиялық күйік алды. Қазір ол облыстық көпсалалы балалар ауруханасының реанимация бөлімінде. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалайды. Терісі 20-25%-ға күйген.
Осы факті бойынша полицейлер ҚК-нің 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Сонымен қатар Орал білім бөлімі өрескел бұзушылықтар жасаған тәрбиеші мен күтуші жұмыстан шығарылатынын мәлімдеді. Ал меңгерушінің міндетін атқарушы "қатаң сөгіс" алады.