Балаңыз жақсы оқитын болады: Көру-қимыл үйлесімін қалай дамыту керек
Көру-қимыл үйлесімі көздің, мидың және дененің жұмысын байланыстырады және біз көрген дүние бойынша қолды тиімді және әсерлі пайдалануға мүмкіндік береді. Соңғы зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, көру және қимыл үйлесімі дұрыс жетілген жас балалар оқу, жазу және математиканың негізгі академиялық дағдылары бойынша жоғары балл алады (ұлттық академиялық стандарттарға сәйкес). Дамуға қатысты зерттеулер мақсатты ойын әрекеті 4-6 жас аралығындағы балалардағы моториканы және көз бен қол қозғалысын үйлестіруді едәуір жақсартуға ықпал ететіндігін көрсетті. Балдырған клиникасының (Нұр-Сұлтан) жетекші педиатры Әубәкірова Нұржамал Талғатқызы Оптинол Х-Lab үшін эксклюзив ретінде балалардың көру қабілетін дамытуды қалай жақсартуға болатынын, көру-қимыл үйлесімі көз ауруларының алдын алуға және балалардың үлгерімі мен когнитивті дағдыларын арттыруға қалай көмектесетінін анықтады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, әлемде көз ауруымен ауыратын 2,2 миллиард адам бар, ал оның кем дегенде миллиардына жуығының ауруын алдын алуға болады. Сондықтан медицинадағы жетекші мамандар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, фармацевтер мен инженерлер Х-Lab Оптинол - ЯДРАН компаниясының сараптамалық зерттеу орталығына жиналды. Олар соңғы зерттеулерді талдап, біртұтас көзқарасты қолдана отырып, көздің сау болуы үшін оны қалай күту керектігін және неге бұл біздің бүкіл ағзамыз үшін маңызды екенін зерттейді.
1. Көру-қимыл үйлесімі дегеніміз не және ол балаларға жақсы білім алуға қалай көмектеседі?
Көру-қимыл үйлесімі – қолдың қимылын үйлестіру үшін көздің көмегімен алынған ақпаратты пайдалану мүмкіндігі (кеңістікті көру арқылы қабылдау).
Заманауи зерттеулер мынаны дәлелдеді: егер баланың бірінші сыныпқа барғанда ұсақ моторикасы жеткіліксіз дамыған (қалам, қарындаш ұстай алмаса, фигураны контур бойымен айналдыра алмаса және т.б.) болса, онда оған оқу процесіне бейімделу қиынға соғады. Сондықтан мектепке дейінгі кезеңде ұсақ моториканы, сондай-ақ көз бен қолдардың келісілген қимылдарын дамытуға ерекше назар аудару керек.
Көру-қимыл үйлесімі қолдың ұсақ моторикасы мен көру арқылы қабылдаудың тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Егер балада көру қабілетінің немесе ұсақ моторикасының бұзылған болса, онда оның көру-қимыл үйлесімі де жеткіліксіз дамиды.
Егер баланың көру-қимыл үйлесімі жақсы дамыса, онда оған, керісінше, мектеп білімі мен дағдыларын үйрену, жаңасын есте сақтау, ассоциативті байланыстарды қалыптастыру және оқу процесін ұнату оңайға тиеді.
X-Laв оптинол анықтайды: 2,2 миллиардтан астам адам осы аурулардың бірімен ауырады, ал олардың әрқайсысының алдын алуға болады. Жетекші дәрігерлер денсаулықты қалай сақтау керектігін айтады.
2. Балалық шақта көру дағдылары қалай қалыптасады және ата-аналар алдымен не нәрсеге назар аударуы керек?
«Көз – қол» жұбының үйлесімді жұмысы өздігінен қалыптаспайды, ата-аналар оның дамуына көмектесіп, ықпал етуі керек. Бала туғаннан бастап бәрін қабылдайды, сезінеді, көреді. Дәл осы кезден бастап атан-аналар баламен сөйлесе бастауы қажет: сәби болса оларға «гугулеп» және «былдырлап» жауап береді, ата-аналардың ерін қимылын қайталайды. Екі айдан бастап нәрестеге ойыншықтарды көрсеткен жөн, өйткені бала заттарға көзбен назар аударуды үйренеді. Сол кезеңде балаға кітап оқып, саусақтары мен аяқтарын уқалауды бастау керек. Төртінші айда балалар ұстап алу рефлексін дамытады: бала ойыншықтарды ұстап алуға тырысады, жұдырықтарын, аяқтарын белсенді зерттей бастайды, оларға қарап, аузына сала бастайды. Алты айдан бастап бала кеңістікті игере бастайды, осы кезеңде ол еңбектеп жүре бастайды. Сондай-ақ нәресте заттарды ұстап, лақтырып, сипап сезінуге тырысады. Бір жасында ұсақ моториканы белсенді дамыту қажет: мүсіндеу, құру, сурет салу, заттарды қою және ауыстырып қою, жырту, кесу. Кеңістіктік қабылдаудағы маңызды сапалық өзгерістер 2-7 жас аралығында басталады, бала сөйлеуді игеріп, дерексіз ойлауды дамытады. Осы кезеңде бала сурет сала алады, әрекеттерді қайталай алады, таратады, бүктейді, ал ата-ананың міндеті – ойын және үнемі назар аудару арқылы оған ықпал ету. Көру-қимыл үйлесімін дамыту үшін баламен бірге жұмыс істеу керек (мозаикадан әртүрлі өрнектер салу, пазлдар жинау, ұяшықтарға, трафареттерге, нүктелерге сурет салу, заттарды айналдыра сызу, сурет салу, бөлшектерді жинау және т.с.с.), бұл әрекеттер жүйелі (дұрысы күнделікті), бірақ қысқа болуы керек. Есіңізде болсын, 5-7 жастағы балада үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығы күніне 15 минуттан аспаған жөн.
3. Менің баламда көру-қимыл үйлесімі проблемасының бар-жоғын қалай білуіме болады?
Көру-қимыл үйлесімі бұзылған балаларда қозғалыс сферасы дамуының кейбір өзіне тән ерекшеліктері байқалады. Әдетте оларда өзін-өзі бақылау, қозғалыстарды реттеу қабілеті бұзылады (басқаша айтқанда, ебедейсіздік). Бұл, әрине, үйлестіруге, қол әрекеттерінің үйлесімділігіне әсер етеді. Мұндай балалар көру-қимыл қызметінің үйлесімсіздігімен, микро бағдарланудың бұзылуымен және әртүрлі бұлшықет топтарының тонусымен сипатталады, сонымен қатар олар жазу және тапсырмаларды орындау қабілетінде қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Егер жоғарыда аталған шағымдар байқалса, міндетті түрде офтальмологпен кеңесу керек. Ата-аналарға кеңес: 6 айдан бастап бала офтальмологтан алғашқы профилактикалық тексеруден, кейде, тіпті ертерек өтуі қажет.
4. Балама көру-қимыл үйлесімін жақсартуға қалай көмектесе аламын?
Ата-аналар міндетті түрде баламен бірге көру-қимыл үйлесімін дамытуға және жетілдіруге бағытталған жаттығулар жасауы керек, бұл өз кезегінде көру арқылы қабылдауды дамытуға ықпал етеді.
Мүсіндеу, сурет салу және шығармашылықтың басқа түрлері саусақтардың ұсақ моторикасын дамытады, бірақ көру қабілетін үйлестірусіз дамыған моториканың тиімділігі аз болады. Үлгілерді көшіру (бала ата-анасынан көріп қайталағанда) көру мен қимылды үйлестіруді жетілдіруге көмектеседі.
Балалардың денесіне қолмен массаж жасау қажет, ал 3 жастан кейін оған өзіне-өзі массаж жасауды үйреткен жөн. Балаларға бүртікті доппен массаж ұнайды, сонымен қатар бұл әрекетті ойынға айналдыру оңай. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін көптеген әртүрлі "тренажерлерді" қолдануға болады (құлыптар, түймелер, "басқыштар", байламдар, "сұққыштар"). Оларды өзіңіз жасай аласыз. Саусақтар мен қолдарды дұрыс дамыту үшін сабақты дұрыс ұйымдастыра білу керек: сурет салу, мүсіндеу, құрастыру, жіптерге моншақтарды тағу және т.б.
3 жастан бастап балаларда көру-қимыл үйлесімін қалыптастыру бойынша жұмыс көздің қимылын үйретуден басталуы керек. Бала әртүрлі траекториялар бойынша заттардың қозғалысын қайталауды үйренеді: алдымен ол затты ұстап тұрған ата-ананың қолын бақылайды, содан кейін өзі қозғалатын заттарды (жәндіктер, үй жануарлары, кереует үстіндегі аспалы-ойыншықтар және т.б.) бақылай бастайды. Бұл дағдыны қалыптастырғаннан кейін ол заттардың контурларын саусағымен сызуды үйренуі керек, содан кейін сызбаны контур, сызық, нүктелер бойымен қосуы керек. Балада қолмен тегіс қозғалу дағдысын дамыту үшін алғашқы жаттығу ретінде нысандардың әлсіз контурларын қоршауға бодады. Мектепке дейінгі жаста бала жазбаша жазуды үйренеді.
Балалармен мұндай жаттығулар күнделікті жасалған жөн: 5-15 минут болса да үнемі қайталап тұру шарт. Жаттығуға арналған тіректерді импровизацияланған құралдардан таңдауға болады: мысалы, таяқшалардан, тастардан, жапырақшалардан фигураларды салу, ойыншықтарды, текшелерді және т.б. контурмен қоршау.
Сіздің балаңызға үйреткен іс-әрекеттеріңіз оған көру-қимыл үйлесімін дамытуға ғана емес, сонымен бірге бірлескен өзара әрекеттесу мен ойыннан ләззат алуға көмектеседі.
Сарапшылар әрбір көз ауруының екіншісінің алдын алуға болатындығын анықтайды
X-Lab Оптинол, ЯДРАН сараптамалық зерттеу орталығының жетекші мамандары сіз үшін соңғы зерттеулерді талдайды және тұтас тәсілді қолдана отырып, көздің саулығына қалай дұрыс күтім жасау керектігін және бұл біздің бүкіл ағзамыз үшін неге маңызды екенін біледі. Жетекші офтальмологтар, неврологтар, эндокринологтар, психиатрлар, ревматологтар, диетологтар, оториноларингологтар, косметологтар, отбасылық дәрігерлер, фармацевттер және инженерлер көздің құрғақтығын не анықтай алатындығын және қандай белгілерді елемеуге болмайтынын, көздің иммунитетпен қалай байланысты екенін және күн сайын анық және айқын көріністі қалай алуға болатындығын талдайды.
Көздің және мұрынның құрғауы: маман жазда аллергияны қалай емдеуге болатыны туралы кеңес бередіМаусымдық аллергиялық риноконъюнктивит - бұл бүкіл халықтың бестен бір бөлігіне әсер ететін мұрын мен көз ауруы. Ең жиі кездесетін белгілердің бірі – мұрынның қосалқы қуыстарының құрғауы. Соңғы зерттеулер мұрынның құрғауы мұрын секрециясының құрамының өзгеруіне байланысты құрғақ көз синдромын тудыруы мүмкін деп болжайды. Жазда аллергиялық ринит кезінде нені емдеу керектігін біліңіз – көз немесе мұрын.
Жазда спортпен шұғылдану көздің саулығын жақсартады және катаракта қаупін азайтады
Тіпті қарапайым физикалық белсенділік қан ағымын және қан тамырларының тонусын жақсартады және антиоксидантты ферменттердің белсенділігін арттырады. Велосипедпен жүру, серуендеу немесе жүзу сияқты тұрақты жаттығулар көздің тотығу зақымдануын азайтады және жасына байланысты катаракта қаупін 2% төмендетеді. Спортпен шұғылданған кезде біздің көзімізбен не болады және ол көздің ауруларын емдеуге көмектесе ме? Осы және басқа мәселелерді Қазақ Офтальмология ҒЗИ офтальмолог дәрігері Гүлмира Бақытқызы Тілеубаева талдайды.
Жүрек пен көздің саулығын жақсартуға көмектесетін жеті фактор
Көз аурулары жүрек ауруларын белгісі болуы мүмкін. Қан тамырларының көздің артқы бөлігінде орналасуы тіпті қиын байқалатын залалды ескерту сигналы болуы мүмкін. Америкалық жүрек қауымдастығы дененің сауығуына ықпал ететін салауатты өмір салты мен мінез-құлықтың жеті әдетін анықтады. Жүрек саулығын тексеруден бұрын қандай жеті факторға назар аудару керек – бұл сұрақтарға медицина ғылымдарының кандидаты және жетекші кардиолог Бикташев Дамир Бралиұлы жауап береді.
Мақала ЯДРАН ОПТИНОЛ, 01 Content & Technology - C3 Croatia халықаралық сандық агенттігімен ынтымақтастықта дайындалған.
Оптинол - жеңіл, орташа және өте ауыр құрғақ көз синдромында қолданылатын гиалурон қышқылына негізделген жасанды көзжасы препараттарының сериясы.
Автор: Әубәкірова Нұржамал Талғатқызы
Жетекші педиатр дәрігер, педиатрлар ассоциациясының мүшесі, қосымша тамақтану, атопиялық дерматит бойынша курстардың, сондай-ақ аналарға арналған және баланы үйде күту курсының авторы, «Балдырған» клиникасы (Нұр-Сұлтан қ.)