Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

OPPO Reno5 series: Өз хикаяңды жаса!

Өз хикаяңды жаса! Осындай ұранмен әлемдік смартфон өндіруші - OPPO компаниясы жаңа Reno5 series фагмандарын Қазақстан нарығына шығарды. Жаңа смартфондарды бүгіннен бастап барлық электроника дүкендерді желілерінде сатып алуға болады. 

оппо

Бұл жолы да әлемдік брендтің амбассадоры әлемге аты мәлім жұлдыз, отандасымыз - Димаш Құдайберген. 

Reno5 сериясы -  күнделікті тұрмыс пен кәсіби жұмысқа да жарамды, техникалық мүмкіндіктері аса кеңейтілген, ең ыңғайлы әрі ерекше сәнді смартфондар саналады. 

Жаңа Reno5 series смартфондарының біздің нарыққа екі нұсқасы шығарылған: Reno5 және Reno5 Lite.  

Смартфондардың сұлулығы көздің жауын алады. Reno5 – қырында  мың құбылған түстер ойнаған гауһар тасқа теңеледі.  Бұл жолы OPPO түсті тұнықтап жеткізу технологиясын терең жетілдірді: тұңғыш рет смартфон корпусының сыртын қаптауға мыңдаған түстердің реңін беретін Picasus колористикалық жабыны қолданылды.  Reno5 смартфондары екі түсті болады: Fantasy silver және  Starry black (күміс және қара түсті).

оппо 

Сонымен қатар, Reno5 корпусы сырылмайды және оның бетінде саусақ іздері қалмайды.  Яғни, бұл смартфондарды еш қорықпай тиын, кілт және т.б. ұсақ-түйек бұйымдармен бірге сөмкеңізде алып жүрсеңіз болады. Салмағы небәрі - 171 г., қалыңдығы - 7.7 мм. Қалыңдығы - қарапайым қаламсаптікімен бірдей. 

Қазіргі заманда өз хикаяңды құрау ғана емес, оны міндетті түрде бейнелеп, жұртқа көрсету де аса маңызды. Дәл осы мақсат үшін  - Reno5 3 қосалқы камерамсы (8+2+2 МП) бар 64МП негізгі және 44МП алдыңғы камералармен жабдықталған. Екі камераны да бір мезетте қолданып, видео немесе сурет түсіруге болады. Оны Dual-view Video функциясы қамтамасыз етеді. Reno5 - AI portrait портреттік микшерлеу функциясымен жабдықталған жаһандағы жалғыз смартфон.  

оппо

AI Highlight Video функциясы айналадағы жарық мөлшерін өздігімен өлшеп автоматты түрде теңеп, қоршаған ортаға лайық алгоритмдер ойластырып, видеоңызды мейлінше оңтайландырады. Артқы фоныңыз ағарып кетпес үшін күндіз Live HDR алгоритмін   қолданыңыз, түнде Ultra Night Video  функциясы жарықты асырып жарқын видео түсіруге көмегін тигізеді.

Жаңа флагман батареясының сыйымдылық мөлшері -  4310 мА/ч. Ал атаулы серияның басқаларда озық ететін ерекшеліктерінің бірі  - 50W Flash charge технологиясы. Бұл технологияның көмегімен қуаттау арқылы смартфоныңызға 3 сағаттық видео көруге мүмкіндік береді. Түнде телефоныңызды қуаттауды ұмытып кетсеңіз, таңертеңгісін оянған соң тоққа қосыңыз: бір кесе шәй ішіп үлгергенше смартфоныңыз жарты күнге жетерлік қуат ала алады. Атаулы қуаттау технологиясы TÜV Rheinland қауіпсіздік сертификатына ие. 

Reno5 -  6,4 дюйм Full HD+ (2400х1080 пиксель) AMOLED дисплей, көзді қорғауға арналған қабаты бар, жаңарту жиілігі аса жоғары - 90 Гц болатын экранмен жабдықталған. Сондай-ақ, дисплей сырылудан сақтайтын  GG3 әйнегімен қорғалған. 

Reno5 -  Qualcomm Snapdragon 720G  процессорының арқасында  бұған дейінгі модельдеріне қарағанда жылдамырақ жұмыс істейді. 

Reno5 Lite -  Reno5 сериясының субфлагманы. Reno5 корпусын гаухартасқа теңесек,  Reno5 Lite түстері теріскей шұғыласын еске салады. Смартфонның артқы жағы теріскей шұғыласындағыдай  жасыл және күлгін түстермен құбылып тұрады. Reno5 Lite екі түсті болады: Fantastic purple и Fluid Black (күлгін және қара). 

оппо

Reno5 Lite та айналадағы жарықты анықтау, қос камералы видео түсірілім, ультратеңеу технологияларымен жабдықталған. Бұл Night Flare функциясының арқасында түнгі көріністерді тұнық әрі жарқын етіп шығара алатын нағыз түнгі самартфон саналады.   

Reno5 Lite Google Lens негізінде жұмыс істейітн  үш саусақпен аударма жасау функциясымен қамтылған, бұның арқасында әлемнің 60 тілннде еркін аудармалар жасай аласыз. 

Reno5 Lite сыйымдылығы 4310 мА/с батареясы мен жабдықталған және 30W Flash Charge технологиясымен қамтылған. Оның қуатты супер үнемдеу қызметінің арқасында телефонның 5% қуаты 80 минут қоңырау шалу немесе WhatsApp-пен бір жарым сағат қолдануға мүмкіндік береді. 

оппо

Ал жоғарыда айтылған барлық техникалық мүмкіндіктердің мінсіз жұмыс істеуін өте өнімді  MediaTek Helio P95 процессоры қамтамасыз етеді. 

Жаңа флагман бағалары:  Reno5 – 219990 теңге, Reno5 Lite  - 179990  теңге. 

Жарнама құқығында

Талқылау