AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оразалин: Ақтөбе облысының үлкен көлік торабы және көлік хабы ретінде дамуға әлеуеті зор

Тұрғындар, кәсіпкерлер мен өндіріс мекемелері тарапынан өңірдегі автожолдардың сапасына қатысты наразылықтары бар.

Басқа өңірлермен салыстырғанда бастапқыдағы жақсы жолдардың үлесі өңірде өте төмен болды – 10 жыл бұрын (2011-ден 2021-ге дейін) 43% немесе республикадағы 16-орын.

Аталған мәселенің маңыздылығын ескере отырып, осы жағдайды түзету үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді.

"Ақтөбе облысының үлкен көлік торабы және көлік хабы ретінде дамуға әлеуеті зор. Егер де 2011-2018 жылдары, яғни 8 жыл ішінде жолдарды жөндеуге 36 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалып, жергілікті жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 11%-ке артса, соңғы 3 жылда шамамен дәл осындай көлемде қаражат бөлініп (36,7 млрд тг астам), жақсы жағдайдағы жолдар үлесін 13,7% ұлғайта алдық. Біріншіден, бұл мәселе Үкіметтің қолдауымен республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың арқасында, оған қоса дәл сондай көлемде паритеттік негізде жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Ал осы жылы барлық кезеңмен салыстырғандағы ең ауқымды қаржы – 34 млрд теңге қарастырылды. Оның ішінде, 20 млрд теңгеге жуығы жергілікті жолдарды жөндеуге, ал 14 теңгесі көшелерді жөндеуге жұмсалады. Жалпы осының арқасында биыл 600 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Нәтижесінде жолдарды 72% дейін жақсартамыз", - деді О.Оразалин.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр