Оңтүстік Африкадан келген бойжеткен “Дүниежүзі аруы-2017” атанды
Оңтүстік Африкадан келген Деми-Ли Нел-Питерс есімді бойжеткен “Дүниежүзі аруы-2017” жеңімпазы атанды.
© AP Photo / John Locher
Байқаудың ақтық сыны Лас-Вегаста өтті. Байқау жеңімпазы 22 жаста. Ол бизнес және менеджмент мамандығында оқыған. Ең сұлу аруға тәжді былтырғы өткен байқаудың жеңімпазы француз аруы Ирис Миттенар табыстады. Байқауға 89 елдің аруы қатысты.
Тағы да оқыңыз:
Желіде Джеки Чанның Ерлан Қаринге шай құйып отырған видеосы жарияланды
Талқылау