Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяның көрнекті актері Ли Сун Чже өмірден өтті

Ли Сун Чже өмірден өттіФото: Ашық дереккөз

Кеше, 25 қарашада таңертең Оңтүстік Кореяның мәдениет және кино индустриясының аңызға айналған тұлғасы Ли Сун Чже 92 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актер өмірінің соңғы күндеріне дейін шығармашылықтан қол үзген жоқ. Оның соңғы экрандық жұмысы tvN арнасында көрсетіліп жатқан “Тайфун” компаниясының басшысы" дорамасындағы рөлі.

Ли Сун Чжені кәріс халқы театр мен кинодағы бір дәуірдің символы ретінде бағалайды. Ал шетелдік көрермендер оны Халлю толқыны басталғаннан кейін кеңінен танып, оның бейнесін экраннан жақсы таныды.

Қоштасу рәсіміне кәріс өнер индустриясының жетекші жұлдыздары жиналды. Олардың қатарында киномен драматургия актерлері, театр қайраткерлері, комедианттар, әншілер мен айдолдар болды. Келе алмағандар гүл шоқтарын жолдап, құрмет көрсетті. Олар қысқа естеліктерінде Ли Сун Чженің драмалық өнерге, актерлік кәсіпке және жалпы индустрияға қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті. Оның адамгершілігі, мәдениет пен өнер иесіне лайық болмысы жаңа буын үшін әрдайым үлгі болғанын айтты.

Жұлдыздардан бөлек, марқұмның отбасына Оңтүстік Корея президенті, Сеул мэрі, министрлер мен басқа да жоғары лауазымды тұлғалар көңіл айтты. Үкімет Ли Сун Чжеге өлімінен кейін өнер саласындағы еңбегі үшін “Алтын тәж” орденін табыстады.

Айта кетейік, бұған дейін “Зита мен Гита” фильмінің жұлдызы Дхармендра өмірден өткені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сәрсенбі, 26 Қараша, 2025 13:56
Талқылау