Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ескертулерді елемеген": Оңтүстік Кореяда су тасқынына кінәлі 36 шенеунік тергеуге алынды

Оңтүстік Кореяда 14 адамның өмірін қиған жер асты өткеліндегі су тасқыны оқиғасы бойынша 36 жергілікті шенеунікке тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қайғылы оқиғадан екі күн өткен соң басталған тергеу нәтижесінде шенеуніктердің су тасқыны туралы көптеген ескертулерді елемегені анықталды. Оқиғадан кейін полицейлер тергеуді бастап, су тасқынының алдын алу мүмкіндігі жоғары болғанын анықтады. 

"Су тасқыны жағдайдың ауырлығын елемеу салдарынан орын алды. Олар түрлі ескертулерге қарамастан, ешбір әрекет жасамады. Құрылыс меңгерушісі билікке жер асты өткелін су басуы мүмкін екенін жеті рет ескерткен. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар қызметіне үш рет ескерту қоңырауы түскен. Үкімет апатқа кінәлілердің лауазымдарын алып тастауды жоспарлап отыр", – деді Қоғамдық саясатты үйлестіру министрі Бан Мун Гю. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан 13 адам қаза болғаны туралы жазған едік. 

Талқылау