Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда жүздеген адамдар бетперде алу үшін кезекке тұруда

Жүздеген оңтүстік кореялықтар елдегі коронавирустық індеттің эпицентріне айналған Тэгу қаласында бетперде алу үшін ұзын-сонар кезекте тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Індетті жұқтырғандар саны бойынша Оңтүстік Корея Қытайдан кейін екінші орында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша Оңтүстік Кореяда 977  жұқтыру жағдайы және 11 өлім тіркелген.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ким Ган Нип вирустың таралуы "ауыр деңгейге жетті" деп мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша аурудың 1200-ден астам жағдайы Қытайдан тыс 26 елде тіркелген.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Stan.kz (@_stan.kz)

Талқылау