Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда робот өзін тексермек болған ер адамды жаншып өлтірді

Оңтүстік Кореяда тексеріс кезінде робот адамды көкөніс қорабымен шатастырып, конвейерге қысып, беті мен кеудесін жаншып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Cурет ашық дереккөзден

40 жастағы робототехника компаниясының қызметкері роботты тексеріп жатқанда оның сенсоры істен шыққан.

Апат бұрыш сұрыптау зауытында болған. Марқұм 8 қарашаға жоспарланған робот сенсорларының жұмысын тексеріп жатқан. Робот бұрыш қораптарын көтеріп, оларды конвейрге қоюы керек еді. Алайда робот адамды көкөніс қорабы деп қателесіп, оны ұстап алған.

Оқиғадан соң қызметкер ауруханаға жеткізілді. Бірақ аман қалу мүмкін болмады.



Зауытқа иелік ететін Донгсонг ауылшаруашылық экспорт кешенінің ресми өкілі оқиғадан кейін "дәл және қауіпсіз" жүйені енгізуге шақырды.

Оңтүстік Кореяда дәл осындай оқиға наурызда да орын алған еді. Ол кезде 50 жастағы автокөлік бөлшектерін шығаратын зауыт жұмысшысы робот қолынан ауыр жарақат алған.

Талқылау