Оңтүстік Кореяда тағы бір ұшақ ақауға байланысты әуежайға қайта оралды
Оңтүстік Кореяның Jeju Air компаниясының ішкі рейсін орындайтын ұшағы шасси ақауына байланысты әуежайға қайта оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

29 желтоқсанда Муанда апатқа ұшыраған әуе көлігінде де осындай ақау табылған еді.
30 желтоқсанда Кимпхо – Чеджу бағытында ұшқан рейс Boeing B737-800 бортындағы шассидегі ақау ұшқаннан кейін көп ұзамай анықталған. Осыдан кейін ұшақ әуежайға қайта оралған.
Бортта 161 жолаушы болған. Әуе компаниясы рейс басқа ұшақта орындалатынын айтты.
Еске салсақ, бұған дейін Оңтүстік Кореяда ұшақ апаты болғаны айтылды. Апаттан 179 адамның мерт болғанын жазған едік.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"