Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық жойқын өрттен көз жұмды
Оңтүстік Кореядағы логистикалық қойманың құрылыс алаңында болған өртте екі қазақстандық көз жұмды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"2020 жылдың 29 сәуірінде Ичхон қаласындағы логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт болып, 38 адам қайтыс болды, 10 адам жарақат алды. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Жергілікті биліктің мәліметінше, 38 адамның 29-ы анықталды, оның екеуі Қазақстан азаматтары. Сеулдегі біздің дипломаттар жергілікті билік органдарымен байланыста. Тағы 9 адамның мәйіті анықталмаған, жұмыс жүргізілуде", - деді ҚР СІМ.
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істегендігі айтылған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн