Оңтүстік Кореяда бес қабатты ғимарат құлап, 9 адам қаза болды
Оңтүстік Кореяда бұзу процесінде тұрған бес қабатты ғимарат құлады. Кем дегенде 9 адам қаза болды, 8 адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға бақылау камерасына түсіп қалған. Үйінді жақын маңдағы автобусты басып қалды. Зардап шеккендердің барлығы – жолаушылар. Жаралылар ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.
Қазір құтқарушылар үйінділер астында өтіп бара жатқан адамдар немесе құрылысшылар бар-жоғын тексеріп жатыр.
Болған оқиғаның себептері анықталуда.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн