Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея президенті елге әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрады

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль ел тұрғындарынан әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Yonhap

Юн Сок Ёль енді мұндай қадамға бармауға уәде берді.

"Мен адамдардан шын жүректен кешірім сұраймын", – деді Юн Сок Ёль парламент импичмент туралы дауыс беруден бірнеше сағат бұрын.



Ол мұндай шара мәжбүрлі түрде жасалғанын мәлімдеді.

“Әскери жағдайды жариялаумен байланысты жауапкершіліктен қашпаймын", – деді ол. 

Юн Сок Ёль барлық шешімді, елді тұрақтандыруды "Халық қуаты" партиясына тапсыратынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін 3 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл елде төтенше әскери жағдай жариялаған еді. Ол бұл шешімнің "мемлекетке қарсы күштерге" бағытталғанын айтқан. Юн Сок Ёльдің айтуынша, ел парламенті мемлекеттік жүйенің жұмысын бұзатын дағдарыс көзіне айналған.

Кейіннен  Сеулде төтенше әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты қақтығыс болған. Артынша республика парламенті төтенше жағдайды алып тастаған еді. 

Талқылау