Оңтүстік Қазақстанда мектеп оқушысы оғаш жағдайда көз жұмды
Түркістан облысының Қазығұрт ауданында оқушылар арасындағы жанжалдан кейін мектеп оқушысы жан тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
"18.02.2020 жылы сағат 13:30 шамасында Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейдің екі оқушысының арасында кикілжің туындап, біреуі екіншісін итеріп жіберген. Нәтижесінде оқушылардың бірі құлап, ал екіншісі қорыққаннан үйіне қашып кеткен. Зардап шеккен балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда, оқушы жедел жәрдем қызметкерлерінің келісімен көз жұмды", - делінген Түркістан полиция департаментінің хабарламасында.
Бұл факт "Абайсызда өлімге себеп болу" бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды.
Сондай-ақ, департамент жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын еске салды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн