Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстанда екі кішкентай бала айдалада бір күн бойы адасып жүрген

Арыс қаласында жоғалып кеткен екі бала сау күйінде табылды. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылдың 11 желтоқсан күні Қожатоғай ауыл округі, Қарағайлы елдімекенінде екі бала жоғалып кеткен еді. 

Қала әкімінің басшылығымен шұғыл топ құрылып, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Іздестіру шараларына 114 азамат, 69 техника жұмылдырылды.

Іздеу барысында 12 желтоқсан күні жоғалған екі бүлдіршін табылды. Қазір ата-анасының қасында. Бүлдіршіндердің денсаулығы қалыпты.

"Іздестіру шараларына қатысқан барша қызметкерлерге, еріктілерге, балалардың аман-сау оралуына тілектес болған барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз", - деп жазды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

STAN.KZ
Сенбі, 12 Желтоқсан, 2020 15:23
Талқылау