Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында 6,5 миллион теңге қаржы жымқырған шенеуніктер сотталды

 Жамбыл облысында ауыз су сапасын жақсартуға бөлінген қаржыны жымқырған шенеуніктер сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі  хабарлайды.

фото: gov.kz

Қордай ауданының прокуратурасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің экс-басшысының 6,5 миллион теңге ұрлағанын анықтады. 

 “Белгілі болғандай, Сарыбастау ауылында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы, "Қордай су" МКК директоры және кәсіпкер құжат бойынша құны 12,3 миллион теңге тұратын су мұнарасын салуы тиіс болған", - деп хабарлады министрлік.

Сараптама жасау және нысанды тексеру барысында су мұнарасының салынбағаны мәлім болды. Тараптар соманың жартысын иемденіп, өзара бөліскені анықталды.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Қордай аудандық сотының үкімімен басқарманың бұрынғы басшысы кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкер 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Заңсыз игерілген ақша толығымен мемлекет меншігіне қайтарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау